Біздің ережелеріміз қатал болып естілсе де, олар тек бір мақсатқа біздің балабақшада тәртіпті қамтамасыз етуге жасап шығарылған.
1. Ата-аналар белгіленген күн тәртібін бұзбай, баланы балабақшаға сағ. 8.00-дан кешіктірмей алып келіп, балабақшадан сағ 18.00-дан кешіктірмей алып кетуі керек.
2. Ата-аналар баланы бөтен тұлғаларға соның ішінде, жасы 18-ге толмағандарға аса сенбей, тәрбиешіге өзі тапсырып және алып кетуі керек. Мас күйдегі адамдарға бала берілмейді. Ата-анасының сенімі жүктелген тұлғалардың нотариалдық расталған сенім хаты болуы керек.
3. Ата-ана балабақшаға баланы дені сау, таза киім мен аяқ киімде, ұқыпты түрінде алып келуі керек. Қосымша киім жинағы яғни ауыстыратын аяқ киімі, дене тәрбиесіне арналған киімі мен аяқ киімі болуы керек.
4. Баланың балабақшаға өзімен бірге не алатынын қатаң қадағалауы керек, қауіпті заттарды алып келуге болмайды.Тәрбиеші үйден әкелінген ойыншықтардың, бағалы заттардың (ұялы телефон, әшекейлер және т. б.) сақталуына жауапкершілік алмайды.
5. Ата-ана баланың алдағы уақытта болмайтынын, оның сырқаттанып қалғаны туралы өз уақытында (бір күн бұрын немесе 9.00-ге дейін) хабарлауы керек. Кешіктірмей өз уақытында анықтаманы педиатр-дәрігерден алып келеді. Баланың мекемеде 3-күннен артық болмауына, сонымен бірге демалыстан кейін медициналық анықтаманы ұсынуы керек.
6. Сырқаттанудан немесе демалыстан кейін баланың мекемеге келетінін алдын ала хабарлауы керек.
7. Баланың ұзақ болмауын жоспарлау кезеңін (ата-анасының демалысы немесе шипажайда емделуі) балабақша басшысына (жазбаша) білдіруі керек.
9. Ата-ана дәрігердің ұсыныстарын өз уақытында орындауы, 2 аптаның ішінде қажетті құжаттарды беруі керек.
10. Туған күндерін мерекелеу үшін әртістерді шақыруға,топқа тәттілер мен сияпат алып келуге рұқсат етілмейді.
11. Жұмыс орнының, байланыс телефон номерінің, тұратын жері мекен-жайының өзгергені туралы тәрбиешілерге дер кезінде хабарлауы қажет.
12. Оқу-тәрбиелеу мәселелері бойынша балабақша тек тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) өзара әрекеттеседі (бұл жерде баланың ата-әжелері саналмайды).
13. Ата-аналар балабақша қызметкерлерімен сыпайы болуы керек, баланың және бөтен тұлғалардың көзінше даулы мәселелерді шешпеуі керек.
14. Тәрбиешінің рұқсатынсыз көшедегі аяқ киімімен ойын бөлмесіне, буфеттік бөлмеге, дәретханаға кіруге тыйым салынады.
15. Ата-ана ағымдағы айдың 25-не дейін баланың балабақшадағы төлемақысын төлеуге міндетті.
16. Ата-ана балабақшаның Жарғысын, ата-аналарға арналған Ережені,ішкі тәртіп Ережелерін,балабақша мен ата-ана арасындағы Келісімшарт талаптарын сақтауға міндетті.
Берілген ережелер көптеген мүмкін болатын жайсыз жағдайларды болдырмауға және жылы қарым - қатынас орнатуға көмектесетініне сенімдіміз!