ссылка на общий сайт
Нұр-Сұлтан

79-49-34
«Ақбұлақ-2» шағынауданы, 11 үй

+ (7172)

Ата-аналарға

Кітапхана "Мирас" бөбекжай-бақшасы

Кітап -  білім бұлағы. Кітап - білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендігі мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді, шығармашылық қиялын дамытады, әдеби, еркін сөйлеуге дағдыландырады. Әр адам кітаптың бетің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарды үйренеді . Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.

    Балалардың әдеби шығарманы мазмұндау, талдай білу қабілетін дамыту мақсатында  әдеби тәжірибені белсенді жүргізу үшін  балабақшада шығармашылық оқу қызметі оқыту процесіне енгізіліп, топтық оқу жұмысы ұйымдастырылған. Оқу қызметі балабақшаның оқыту-тәрбиелеу үрдісіне сәйкес жоспар бойынша зерттеу тақырыптарына сай  жүргізіледі.
 

Құрметті ата-аналар!
Бөбекжай-бақшамыздың кітапханасына балаңызбен бірге келіңіз!

Отбасымен кітап оқу балаңыздың жеке тұла ретінде дамуына, қоршаған ортасына жылы қарауға, оның табысты болып өсу қабілетін жетелеуге алып келетін ерекше қасиеті бар.
   1. Балаларыңызға жиі дауыстап оқыңыз. Балаңыз кітап оқып бастаса да, өзіңіздің дауыстап оқуыңызды тоқтатпаңыз. Есіңізде болсын, кітап оқу – ол ең алдымен ата-ана мен баланың қарым-қатынасын нығайту.
   2. Балаңызға кітап сыйлаңыз. Кітабын ұқыпты ұстауға үйретіңіз.
   3. Балаңыздың жас ерекшелігін ескеріп, қызығушылығын оятатындай оның жасына сай түсінікті болатын кітапты таңдаңыз. Балаңыздың кітабын талқылап, оқып бітірмей, басқа жаңа кітап алуға асықпаңыз. Алдымен сатып алынған ескі кітабының мазмұнын бірге баяндап, талқылауға үйретіңіз.
   4. Балаңызға өз еркіндігінше ортақ оқуға арналған үйдегі кітапты өзі таңдауға мүмкіндік беріңіз. Оқылған мәтінді талқылаңыздар.
   5. Кітапқа деген қызығушылығын оятуда алғаш рет оқыту процесін қолға алғанда ойын түрінде қызықты өткізуге тырысыңыз. Балаңызбен бірге өздеріңіздің оқиғаларыңыз бен ертегілеріңізді құрастырыңыздар, сол оқиға бойынша суреттер жапсырып кішкентай кітапша жасап көріңіз.
   6. Теледидар, компьютер мен кітапты таңдауда кітапқа деген құрметті көрсетіңіз.
   7. Балаңызға үлгі болу үшін  өзіңіз жиі кітап оқыңыз. Егер сіз кітапты оқығанды жақсы көрсеңіз, бір күні балаңыздың өзі қолына кітапты алуы мүмкін.