Сиқырға толы өлеңдер мен әсем әннің әуені біздің балабақшамызды ғажайыпқа толтырды. «Күз мезгілінің үш түрлі көңіл-күйі» романтикалық тақырыбымен ордамыздың есігі балалар мен қонақтар үшін ашылды. Балалар ата-аналарымен тақпақ, ән айтып, әртүрлі жанрда импровизация жасады. Атап айтсақ, би билеуде, өлең шумағын шығаруда, оркестрде ойнауда. Мерекелік іс-шара барысы «Шегіртке мен құмырсқа» көрінісімен жалғасын тауып, көңілді жүргізілді.