ссылка на общий сайт
Нұр-Сұлтан

79-49-34
«Ақбұлақ-2» шағынауданы, 11 үй

+ (7172)
Жаңалықтар

15 Сәу 2016 ж.

Психология апталығы

11-15 сәуір аралығында балабақшада Психология апталығы өтті.

11-15 сәуір аралығында балабақшада Психология апталығы өтті. Ең әсерлі кезең апталықтың ашылуы болды. Апталықтың ашылуында «Күлкіңді сыйла» акциясы  өткізілді.

Бірінші күн «Қуанышты көңіл-күй күні» балалар достарымен  кездесіп, бір-біріне қуаныш сыйлады.

Екінші күн «Түсіну күні» , «Көктемдік көңіл-күй» атты психологиялық ойыннан басталды. Балалардың қызықты, әрі көңілді пікірлері жиналған «Сәбилер үнінен» атты қабырға газеті ерекше жарқын із қалдырды.

Үшінші күн «Достық күні» ата-аналар мен балалар ұйымдастырған қуыршақ театрының қойылуымен есте қалды. «Менің отбасым» спектаклінің ең естен кетпесі ол: қуыршақтар мен безендірулерді қатысушылардың өздері дайындауы.

Төртінші күн «Бақыт күні»: «Қуаныш қобдишасы», «Құпиялы дос» психологиялық ойындары және «Зерде» интеллектуалдық викторинасы  өткізілді.

Бесінші күн «Тілектер күні»  апталықты қорытындылады. Балалар мен ата-аналар бірігіп жасаған «Қуаныш деген не?» атты қабырға газетінің презентациясы болды.

Апталықта айрықша әсер қалдырған «Жылы лебіздер қабырғасы» болды. Ата-аналар белсенділіктері мен жылы шырайларын танытып, балабақша жайлы жақсы, жылы сөздер айтты.

Психология апталығы балаларды, ата-аналарды, педагогтарды одан бетер біріктірді. 

Басқа жаңалықтар

21 Жел 2023 ж.

«Жаңа жыл»

20 Қаз 2023 ж.

Алтын күз

«Мирас» бөбекжай-бақшасында 19-27 қазан аралығында барлық жас топтарында күзгі ертеңгіліктер болып өтті.