Жаңа жыл балалар үшін арман-қиялдар орындалып, ерекше қызықты оқиғалар орын алатын таңғажайып ертегі сияқты. Балалар да, ересектер де оны тағатсыздана күтіп, толқыныспен ғажап нәрсе күтеді. 20-21 желтоқсан күндері біздің бөбекжай-бақшада жаңа жылдық ертеңгіліктер болып өтті. Әсем безендірілген зал, жарқ-жұрқ етіп құлпырған шырша, сыйлықтар, Аяз Ата мен Ақшақар және өзге де көптеген ертегі кейіпкерлері балаларды тосып алды. Барлық бүлдіршіндер рақаттана би билеп, қол ұстасып шыршаны айнала ойындар ойнады, өлең-тақпақтар айтып, ән шырқады. Аяз Атаның өз қолымен таратқан тарту-сыйлары көл-көсір қуаныш сыйлап, шаттыққа кенелтті! Мереке шексіз оң әсерлер мен көңіл-күй қалдырды.