Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 14 желтоқсанда біздің «Мирас» бөбекжай-бақшасында мектепалды топтардың тәрбиеленушілерімен «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» тақырыбында сабақтар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – туған елге сүйіспеншілік пен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті дамыту. Өткізілген іс-шаралар балалармен қоса ересектерге де 16 желтоқсан күні – біздің қоғам тәуелсіздігінің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, батылдық пен ерліктің, ұрпақтар сабақтастығының, дәстүрлерді құрметтеудің символы екенін көрсетті.