Бүгін біздің бөбекжай – бақшамызда ұлы ақын, ағартушы, композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай- дана, Абай – дара» әдеби - музыкалық кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында балалар Абайдың әндерін шырқап, өлеңдерін мәнерлеп оқыды және «Шырылдауық шегіртке» мысалына театрландырылған қойылымын ұсынды. Сонымен қатар, ұлы ақынның «17 – ші қара сөзін» ата – аналардың сахналауы ісшараның сәнін келтірді.
Кеш соңында ата – аналар, балалар, педагогтар бірігіп Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін нақышына келтіріп орындады.