Біздің бөбекжай - бақшамызда «Дені саудың – жаны сау!» ұранымен Денсаулық күні өтті. Таңертең балаларды олардың сүйікті Маша мен Түлкі, Күлегеш кейіпкерлері қарсы алды. Олар балаларға қызықты да көңілді шытырман сынақтардан өтуіне көмектесті.
Балалар мен педагогтар «Валеологиялық саяхат», «Епті бөбектер», «Жағымды эмоциялар», «Алақай – балақай!» «Денсаулық палитрасы», «Күзгі орманға саяхат», «Айболитпен кездесу» спорттық ісшараларға қатысты.
Сонымен қатар «Дені саудың – жаны сау!» атты спорттық мерекеге балалар мен олардың ата – аналары өз үлестерін қосып белсенді қатыса білді.
Бөбекжай – бақшамыздың қызметкерлері үшін «Бір миля» (Л.Сансон) атты Фитнес сағаты ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.