Жаз мезгілінің нағыз қызған шағы! Жазғы ғажайып көңіл-күйді көтеру үшін шуақты күн, самал жел мен құстардың әсем әуенінен басқа не керек?! Балалар табиғаттың осындай көтеріңкі көңіл-күйінен, таза ауадағы таңғы жаттығу арқылы өздеріне серпінді қуат ала білді.
Жаз мезгілінің жайдарлы күндерінде қаншама жарқын, естеқаларлық қызықты оқиғалар балалардың жадында сақталды. Біздің бүлдіршіндеріміз Денсаулық жолына саяхат жасады, Экологиялық алаңда көңіл көтеріп, сонда құмнан қала мен сарайлар тұүрғыза білді, «Табиғат қорғандары» жазғы вернисажына бар ынтасымен қатысты.