Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа мереке – Ұлттық домбыра күнін жария етіп енгізді.
Бүгін жоғарыда аталған басты ұлттық музыкалық құрал біздің ән-күй залында бүлдіршіндерімізді бір арнаға жинап алды.
Балалар домбыраны жасау әдісімен танысып, Қазақстанның ұлы композиторлары Д.Нүрпейісова, Т.Қазанғапұлы, Қ.Сағырбайұлы, Н.Тілендиевтің атақты күйлерін тыңдады. Мерекелік іс-шараның соңы балабақшамыздың бишілер ансамбілі мен домбырашылардан құралған балалар оркестрмен жалғасын тапты.