28 Сәу 2018 ж.
Қазақстан халқының бірлігі күніБіздің бөбекжай - бақшамызда мәдениетаралық әр ұлт өкілінің дәстүрін таныту мақсатында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі өтті. Әрбір топ балалары мереке қарсаңында белсене араласып, топта әртүрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін көрсету үшін мәдени орталықтар құрылды.
Көңілді әндер, билер, спорттық жарыстар, қолдан жасаған этникалық жабдықтар – мерекенің жарқын бейнесіне айналды. Балалар өздерінің бауырмалдық, достық, жанашырлық ықыласын мейлінше мол таныта білді.
20 Қаз 2023 ж.
Алтын күз«Мирас» бөбекжай-бақшасында 19-27 қазан аралығында барлық жас топтарында күзгі ертеңгіліктер болып өтті.