30 Нау 2018 ж.
Астана қаласы «Мирас» бөбекжай – бақшасында «Кітап желкенімен әлемді танимыз!» ұранымен балалар кітап апталығы өтті. Апта бойы кітап туралы қанатты сөздер, кітапханалық сабақтарынан суреттер мен «Әкем, анам және мен – кітап оқитын жанұя» атты байқауының фотосуреттері ілінген ақпараттық стенд өз орын алды.
5-6 жастағы тәрбиеленушілер кітаптың (тас, пергамент, береста, папирус, хат жазуы, қанат және т.б) шығу тарихын зерттеп, Ы.Алтынсаринның «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісі бойынша сахналық қойылым көрсетті.
4-5 жастағы тәрбиеленушілер «Ғажайып сөздердің керемет әлемі» атты сүйікті өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына қатысып М. Әлімбаев, К.Чуковский А.Бартоның сүйікті тақпақтарын жатқа оқып, жақсы көретін шығарма кейіпкерлерін атап өтті. Сонымен қатар, балалар «Менің сүйікті кітабым!» атты кітап көрмесіне саяхат жасап, «Суреттерді үйлестір» дидактикалық ойын ойнады.
«Bookstart. Алғашқы қадам кітаппен» отбасылық кітап оқу жобасы аясында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты ата – аналар мен бүлдіршіндер біріккен интеллектуалдық ойын – викторинасы барлық қатысушылардың көңілінен шықты.
Балалар кітап апталығының соңғы күні педагогтар мен бөбекжай – бақшасының ұжымымен «Оқуға ұмтыл!» ұранымен, «Readx» оқырман бенефисі орын алды.