Жаңалықтар
18 Қаз 2017 ж.
Дені саудың – рухы сау!
Біздің балабақшамызда «Дені саудың – рухы сау» ұранымен денсаулық күні өтті. Күн балалар мен ата-аналардың жаппай қатысқан таңертеңгілік гимнастикасынан бастау алды. Күні бойы біздің тәрбиеленушілеріміз өздерінің шымыр, епті, жылдам екендігін «Салауатты өмір салтын ұстанамыз», «Күзгі марафон» атты қызықты және көңілді спорттық іс-шараларға қатысып көрсете білді. Ал «Біздің жақын досымыз: ауа, су, күн» викторинасы арқылы балалардың дәрумендер, күн тәртібі, шынығу шараларының маңызы туралы білімдерін бекітті. Бүлдіршіндердің күні бойы көңілдері көтеріңкі болып қуанышқа бөленді.
Басқа жаңалықтар
20 Қаз 2023 ж.
Алтын күз
«Мирас» бөбекжай-бақшасында 19-27 қазан аралығында барлық жас топтарында күзгі ертеңгіліктер болып өтті.