ссылка на общий сайт
Нұр-Сұлтан

79-49-34
«Ақбұлақ-2» шағынауданы, 11 үй

+ (7172)

Ата-аналарға

Ата-аналарға арналған ережелер

Біздің бөбекжай - бақшамызда баланың жайлы болуына мүмкіндік беретін ережелер бар.

1. Бөбекжай - бақша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

2. Балаларды қабылдау 09.00-дан кеш болмайды, тәрбиелік-оқыту процесі  09.30-нан басталады.

3. Ата-ана баланы бөбекжай - бақшаға ұқыпты, таза киім мен аяқкиімде алып келуі шарт. Өзімен бірге қосымша киім жинағы, екінші аяқкиім, спорттық үлгісі болуы шарт.

4. Бөбекжай - бақша баланың өмірінің қауіпсіздігіне және денсаулық сұрақтарына көп көңіл бөледі, сондықтан балаңызды бөбекжай - бақша аумағына жалғыз жіберуіңізге,  медициналық дәрілерді беруге болмайды.

5. Баланы алып келуге және алып кетуге тек  қана  ата-анасының (заңды тұлға) немесе нотариалды  құқығы бар кісілермен жүзеге асады. Басқа жағдайда  балаңызды  тек қана балабақша директорының рұқсатымен жүзеге асырылады.

6. бөбекжай - бақшаға қымбат заттар, ойыншықтар мен әшекейлерді әкелуге болмайды, ол заттар үшін тәрбиеші жауап беруге құқылы емес.

7. бөбекжай - бақшаға келмейтін  себебін (демалыс, емдеу шаралары және тб) бір күн бұрын ескертілуі тиіс; ауырған және де бөбекжай - бақшада 3 күннен көп болмай қалу жағдайларында бөбекжай - бақшаға учаскелік бала дәрігерінен анықтама алып келуі ләзім.

8. балаңыз  сырқат себебіне байланысты келмей қалса, тәрбиелеуші/дәрігерді жақын арада немесе сағат 8:00-ге дейін ескерту;

9. егер баланың аллергиялық реакциясы  болса (азық-түлік, дәрі-дәрумен және т.б.) міндетті түрде бұл туралы жазбаша бөбекжай - бақшаның дәрігерін және топтың тәрбиелеушісіне хабарлаңыз;

10. таңертеңгі фильтр қабылдауда сырқат балалар және сырқаттануға күдік тудыратын балалар болған жағдайда бөбекжай - бақшаға қабылданбайды; балада аурудың бірінші нышанын байқаған кезде (дене қызымы, құсу, бөрту) бөбекжай - бақша тез арада ата-аналарға хабарлайды. Бұл жағдайда ата-ана баланы тез арада бөбекжай - бақшаның медициналық оқшаулағыштан алып кетуі керек;

11. Ата-аналық төлем қызмет көрсетуге келесі тоқсанның 25 күніне дейін уақытылы енгізу.

12. Бөбекжай - бақша қызметкерлерімен сыпайы болу, даулы сұрақтарды балалардың және бөтен адамдардың көзінше шешпеу.
 
Біз әрдайым Сіздің ұсыныстарыңыз, ескерту және тілектеріңізді тыңдауға дайынбыз.
 
Сізді біздің Бөбекжай - бақшамызда көруге қуаныштымыз!
Өзара ынтымақтастығымызға сенеміз!