Медициналық кабинет алғашқы медициналық дәрігерлік көмек көрсету 04.05.2009 ж № 0102029 лицензиясына ие. Денсаулықты нығайту мен аурулардың алдын – алу мақсатында медициналық қызметкерлер төмендегі іс-шараларды орындайды:
· Массаж;
· Мұрын, тамақ УФО;
· Ингаляциялар;
· Фитошайлар, оттекті коктейлдер;
· Сауықтыру ісшаралары (ояну жаттығулары, Денсаулық күндері, жүзу, спорттық ойын – сауықтар, дене шынықтыру ісшаралары, ауа сауықтыру ісшаралары)
Дәрігер жаңадан келген балаларды қарайды, сырқаттан кейін балаларды бақылайды және келген балаларды күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізеді.