ссылка на общий сайт
Нұр-Сұлтан

79-49-34
«Ақбұлақ-2» шағынауданы, 11 үй

+ (7172)
Білім беру бағдарламалары

     Бөбекжай-бақшасы Біріктірілген мектепке дейінгі (2-ден 6 жасқа дейін) тәрбие беру мен оқыту бағдарламасына сәйкес жұмыс жүргізеді, бұл бағдарлама  «Мектепке дейінгі білім беру мен оқыту» ҚР Мемлекеттік  жалпы  білім стандартына  - 1.001 – 2009,  IB PYP ( Халықаралық  Бакалавриат Бастауыш мектеп Бағдарламасы)  және  педагогика – Монтессори  бағдарламасына негізделген.

     «Мирас»  бөбекжай-бақшасының  түлегі: зерттеуші, білімді, көпшіл, қамқоршы, жан – жақты, жауапкершілігі  мол,  талдаушы  болуға  ұмтылады.

     Білім  беру мен  тәрбиелеу  процесі  қазақ  және орыс  тілінде жүргізіледі. Балаларды оқыту мен тәрбие беру үш бағдар бойынша  жүзеге асырылады:
  • Дене шынықтыру / әлеуметтік
  • Интеллектуалдық
  • Шығармашылық

     Пәнаралық  біріктіру  жүйесі  бағдарламаның  ерекшелігі  болып  табылады.
     Бағдарламаның мақсаты: балалардың дене дамуы, шығармашылық және коммуникативті – тілдік, бастапқы зерттеуші  дағдыларын (ақпаратты саналы түрде табу), бастапқы математикалық білімдерін, сенсорлық – танымдылық  білімдерін қалыптастыруы, әлеумет  дағдыларын  дамуы мен қалыптастыруы, тәжірибелік  өмір дағдыларын   (Practical Life Skills) дамыту болып табылады.   

     Балабақшада әр баланың білім деңгейін тексеру мақсатында диагностикалық  бағалау жүргізіледі.  Баланың білім көрсеткіштерінің  қорытындысы  бойынша жылына екі рет  педагогтар мен  ата – аналардың  арасында  кездесулері өтеді.