ссылка на общий сайт
Нұр-Сұлтан

79-49-34
«Ақбұлақ-2» шағынауданы, 11 үй

+ (7172)
Жаңалықтар

20 Ақп 2020 ж.

«Абай – дана, Абай – дара» әдеби – музыкалық кеш

     Бүгін біздің бөбекжай – бақшамызда  ұлы ақын,  ағартушы, композитор  Абай  Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  «Абай- дана, Абай – дара» әдеби - музыкалық  кеш ұйымдастырылды.  Кеш барысында балалар Абайдың әндерін шырқап,  өлеңдерін мәнерлеп оқыды және «Шырылдауық  шегіртке»  мысалына  театрландырылған  қойылымын  ұсынды. Сонымен қатар,  ұлы ақынның  «17 – ші қара сөзін»  ата – аналардың   сахналауы  ісшараның  сәнін  келтірді. 

     Кеш соңында ата – аналар, балалар, педагогтар  бірігіп  Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін нақышына келтіріп орындады. 
Басқа жаңалықтар

21 Жел 2023 ж.

«Жаңа жыл»

20 Қаз 2023 ж.

Алтын күз

«Мирас» бөбекжай-бақшасында 19-27 қазан аралығында барлық жас топтарында күзгі ертеңгіліктер болып өтті.